Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Жұмыс уақытында донор ретінде қан тапсырсам, жалақым сақтала ма?

Жұмыскер жұмыс уақытында донор болып қан тапсырды делік. Оның бұл уақыттағы жалақысы сақтала ма? Бұл сауалға редакция заңгері Венера Нұрғалиқызы жауап берді.

Қызметкер донор ретінде қан тапсыруға 1,5 сағат жұмсап, жұмыс күнінің қалған 6,5 сағаты жұмыста болды делік.

Қазақстан Республикисы Еңбек кодексінің 126-бабына сәйкес, донор болып табылатын қызметкердің қан мен оның компоненттерін тексеру және донорлық ету кезінде оның жұмыс орны (лауазымы) және орташа жалақысы сақталады. Сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де кепілдіктер беріледі.

«Егер жұмыс берушімен келісім бойынша донор болып табылатын қызметкер жұмысқа қан мен оның компоненттерін тапсыру күндерінде кіріссе, оның өтініші бойынша орташа жалақысын сақтай отырып, басқа демалыс күні немесе осы күні демалыс беріледі. Немесе ол күн жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін»,-дейді заңгер.

Сәйкес жаңалықтар

Жетісай: Өрттен жапа шеккен кәсіпкерлерге көмек көрсетіледі

admin

Арыс: әкім орынбасарының жеке қабылдауы өтті

admin

Сарыағаштағы тұрғын үйлер аудан тұрғындарының игілігі үшін салынып жатыр

admin