Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Арыс: әкім орынбасарының жеке қабылдауы өтті

Бүгін Арыс қаласы әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаев азаматтарды жеке өтініштері бойынша жеке қабылдау өткізді.

Әкімдікте ұйымдастырылған шараға Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлмаханбет Әділбеков пен Арыс қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің Бас маманы Қонақбай Ережепов те қатысты.

Қабылдауда болған тұрғындардың негізгі өтініштері тұрғын үй, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек, сондай-ақ мектеп формасына қатысты мәселелер аясында болды.

Әкім орынбасары әр тұрғынның сауалына заңды түрде жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасай отырып, оны шешу жолдарын қарастырды.

Сондай-ақ, алдағы уақытта тұрғындардың мәселелерін назарда  ұстайтындығын айтып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар жүктеді.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

Сәйкес жаңалықтар

Энергия тапшылығының қауіпі қандай? АЭС салудан халық неге қорқады? Тариф өсіп кетпей ме?

admin

Ауданға мәжіліс депутаты арнайы іс-сапармен келді

admin

Түлкібас : «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының аймақтық слеті өтті

admin