Жоғарғы Ақсу ауылдық округінің әкімі ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Жоғарғы Ақсу ауылдық округінің әкімі Сиқымбаев Абдықадыр Ермекұлы, Мәдени елді мекен тұрғындарымен ауылдық клубта кездесіп ұсыныс, пікірлерін тындады.

Ауыл әкімі А.Сиқымбаев жиналыстың мақсатын айтып, жиналыс регламентін бекітуді ұсынды. Мәдени елді мекендері тұрғындары алдында 2022 жылы атқарылған жұмыстардың қорытынды есебін бергендігі туралы және сол есепті кездесуде ауыл тұрғындардан түскен ұсыныс, пікірлерді орындау бойынша іс-шара бекітілгенін, бүгінгі күнге олардың орындалуы бойынша, биылғы жылы осы елді мекендер бойынша жоспарланған жұмыстар жөнінде жеке-жеке айтып өтті.

Округ әкімінің халықпен кездесуі барысында сөз алған: Мәдени ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Керімбаев Тұрсыналы ауыл әкімінің есебіне жақсы деген баға берді. Жоғарыда айтылған ұсыныс, пікірлер жиналыс барысында хаттамаға түсірілді. Сонымен қатар алдағы атқаратын жұмыс жоспарына енгізіліп, тиісті мекемелермен тығыз жұмыстар жүргізілетін болады.

Жоғарғы Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты

ПІКІР ЖАЗУ