Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің бұйрығына сәйкес «Бақытты ана-бақытты бала-бақытты ел» тақырыбындағы ата-аналармен коучинг өткізілді

Балалар жылы аясында және Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің бұйрығына сәйкес кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың,өзіне-өзі қол жұмсау,зорлық-зомбылық фактілерінің,ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында аудан мектептерінде ұйымдастырылып отырған «Үйлесімді отбасы-бақытты балалық шақ» тақырыбындағы онкүндік аясында және Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бала құқығы-адам құқығы» атты онкүндіктің мектепішілік жоспарына сәйкес 14 қараша күні «Созақ» жалпы орта мектеп-гимназиясында «Бақытты ана-бақытты бала-бақытты ел» тақырыбындағы ата-аналармен кездесу жиыны аясында Д.Жумадилова жетекшілік ететін 1 «Ә» сыныбында «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында ата-аналармен коучинг өткізілді.
Мақсаты:қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата — ана тәрбиесінің әдіс — тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым – қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру, мектеп пен ата-ананың байланысын арттыра отырып балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ — жауап, сауалнама, психологиялық жаттығулар.





