Жиналыс барысында жол, инфрақұрылым, құрылыс мәселелері және берілген тапсырмалардың орындалу жайы сараланды

“Сондықтан, барлық мәселенің шешімі жан-жақты зерделеніп, тиянақты жоспарлануы тиіс”

Бүгін кезекті аппарат мәжілісінде 2023-жылдың жоспарын талқылау барысында қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков осылай деді.

Жиналыс барысында жол, инфрақұрылым, құрылыс мәселелері және берілген тапсырмалардың орындалу жайы сараланды.

Нұрбол Әбдісаттарұлы “109” бірыңғай байланыс орталығының кемшіліктеріне де тоқталып, орталық басшысына тұрғындармен кері байланысты нығайтуды тапсырды.

Өзекті мәселелерді мерзімінде анықтап, тиісті бөлімдермен бірге тірлікті тиянақтау сектор басшыларына жүктелді:

– Тұрғындар көмекті сырттан емес, Сіздерден күтуі тиіс. Ал Сіздер сол сенімге лайықты жұмыс істеуге тиіссіздер, – деді қала әкімі өз сөзінде.

Мәжіліс барысында берілген тапсырмалардың тұрақты бақылауда болатыны қатаң ескертілді.

ПІКІР ЖАЗУ