Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Жетісай: ауданда эко-акция өтті

Бүгін Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың бастамасымен аудан көлемінде «25 қазан – Республика күні» мерекесіне орай «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» іс-шарасы және «Облыстық аудан, қала аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнінде 2023 жылдың наурыз-қазан айлары аралығында атқарылатын жұмыстардың іс-шара жоспарына» аясында «Күз дәнімен көрікті» атты тазалық акциясы болып өтті. Шара барысында аудан аумағындағы қала, кент және барлық ауылдық округтерде жаппай сенбілік ұйымдастырып, тазалық жұмыстарын жүргізу ісі кеңінен қолға алынды.

1200-ге тарта адам қатысқан тазалық жұмыстарында мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметкерлер өздеріне бөліп бекітілген көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізсе, ауданның әрбір тұрғыны үй іргелік жерлерін күл-қоқыстардан, жапырақтардан тазартты. Сонымен қатар, сенбілік барысында саябақтар мен көшелер, арық-атыздар тазаланып, жетісайлықтар белсенділік танытты.

«Аудан аумағында өткізіліп отыратын тазалық жұмыстарымызға қатысушылардың саны күн санап артып келеді. Бұл – азаматтардың туған өлкеге деген махаббаты, жанашырлығы деп білеміз. Қазірде тазалықты сақтау мақсатында арнайы түсіндіру жұмыстарын тынымсыз жүргізіп жатырмыз. Құдай қаласа алдағы уақыттарда аудан аумағына түрлі көшеттерді отырғызып, жасыл аймаққа айналдыратын боламыз» дейді аудан басшысы.

Шараны ұйымдастырушылар сенбілік жұмыстары тек орталықтарда ғана емес барлық округтерде, елді мекендерде жыл он екі ай жалғасатындығын, әрбір мекеме мен әрбір аула тұрғындарға бекітіліп берілгендігін айтады.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысы инвестиция тарту бойынша көшбасшылар қатарында тұр

admin

Қазақстанда жыл басынан бері 150-ге жуық білім беру нысаны ашылды

admin

Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің бұйрығына сәйкес «Бақытты ана-бақытты бала-бақытты ел» тақырыбындағы ата-аналармен коучинг өткізілді

admin