Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Қазығұрт: «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН. ТАЗА ТАБИҒАТ»

Тазалық – денсаулық кепілі. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.

25 қазан – Республика күні қарсаңында Қазығұрт ауданында «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» акциясы аясында, сондай-ақ, аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың бастамасымен жалпыаудандық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстарына мемлекеттік мекемелердің басшылары, мемлекеттік қызметшілер мен коммерциялық және басқа да ұйымдар қызметкерлері, аудан тұрғындары мен еріктілер қатысты.

Сенбілік барысында барлық елді мекендер, көшелер, арық-атыздар күл-қоқыстан тазартылып, көшеттерді ақтау жұмыстары жүргізілді.

Кең көлемде өткен тазалау жұмыстарына 1000-нан астам адам қатысып, белсенділік танытты.

Жиналған қоқысты, кесілген ағаштарды тасымалдауға коммуналдық мекемелердің қызметкерлері мен техникалары жұмылдырылды.

Сәйкес жаңалықтар

Көлік салығын қалай және қашан төлейміз?

admin

Народный штаб за строительство АЭС выехал в Туркестанскую область

admin

Тараздық тұрғынның бақшасынан есірткі өсімдігі тәркіленді

admin