Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Жастар криминалистика мамандығының бір қырымен танысты

Түркістан облысы Шардара ауданының полициясы ұйымдастырып №16 коледжінің студенттеріне арналған кездесу өткізді. «Қылмыс орнын қарап тексеру» тақырыбында жүргізілген бұл кездесуде полиция подполковнигі Қуаныш Абилдаев және полиция аға лейтенанты Қуаныш Шылмырза жастарға құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау жолдарын айтып өтсе, полиция капитаны Нұрбол Момынов пен Өстемір Байманов криминалистика саласындағы өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Криминалистика (лат. crіmіnalіs — қылмысқа қатысты) – қолданбалы заң ғылымы. Қылмыстық және азаматтық істерді қарау кезінде соттық дәлелдемелерді жинақтаудың, тиянақтаудың, зерттеудің және пайдаланудың арнаулы тәсілдері, әдістері мен құралдары жүйесін жасақтайды.

Полиция мамандығы оның ішінде криминалистика саласының қыр-сырына қанықтырған бұл шарада тәртіп сақшылары болашақта жастарды «Тергеуші және криминалист» мамандығын таңдауға шақырды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Бәйдібек: уақыт сіздерге емес, сіздер уақытпен жұмыс жасауларыңыз керек

admin

Тәулігіне 50 мың текше метр су айдайтын қосымша кәріз

admin

Музейде өткізілген тағылымды кездесу Абай күніне арналды

admin