Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Парламент депутаттары полицияның тыныс тіршілігімен танысты

Бүгін Түркістан облысы Жетісай аудандық полиция бөліміне ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Темір Қырықбаев пен Нұрсұлтан Байтілесов арнайы келді. Кездесуге Жетісай ауданы әкімі Серік Мамытов, аудандық депутаттар және жергілікті БАҚ өкілдері мен полицейлер қатысты.

Парламент депутаттары полиция бөлімінің тыныс-тіршілігімен танысып, бөлім басшысының баяндамасын тыңдады. Өз сөзінде полиция полковнигі Әділбек Сапарбеков аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды жеткізіп, құқық бұзушылықтың алдын алуда алдағы уақытта жүргізілетін шараларды баяндады.

Сонымен қатар жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері тарапынан қойылған ұсыныстар мен сұрақтарға жауап берілді. Өз кезегінде заңға жаңадан енген зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы қабылданған заң талаптары қаншалықты жүзеге асып жатқаны туралы да сұрап, пікір алмасты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

«Зорлық – зомбылық, буллинг, кибербуллинг» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

admin

Түркістан облысының полицейлері 27 000-нан астам құқық бұзушылықты анықтады

admin

Елордалық құтқарушылар су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастыруда

admin