«ЖАСӨСПІРІМ» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Түркістан облыстық Полиция департаментінің бастығы Мұрат Талапұлының нұсқауына сәйкес, Арыс аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен аудан  көлемінде ағымдағы жылдың 15 мамырымен 17 мамыр күндері аралығында “Жасөспірім және жауапкершілік” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Шараның мақсаты –  жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, түнгі уақыттарда ата-ананың бақылауынсыз үй-жайынан тыс жерлерде компьютерлік ойынханалар мен мейрамханаларда болуларына тыйым салу.

Кезекті шара барысында  бала тәрбиесіне немқұрайды қарайтын ата-аналарды анықтап, тиісті шаралар көру мақсатындағы кезекті рейд жүргізіліп, жеке кәсіпкерлерге түнгі 22:00-ден кейін кәмелетке толмаған жасөспірімдерді заңды өкілдерінсіз кіргізбеу керектігі ескертілді.

Сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге  темекі бұйымдары мен спирттік ішімдіктерді сатуға тыйым салынғандығын қатаң назарға алып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жасөспірімдер арасында болатын құқық бұзушылықтар мен кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстың алдын алуға және болдырмауға, олардың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шара аудан көлемінде жалғасатынын хабарлаймыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ