Жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында үстел теннисінен аудан біріншілігі өтті!

Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 25 желтоқсан күні Ленгір қаласындағы №2 Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің спорт залында «Төлеби ауданының 90 жылдығына» орай, 2008-2009 және 2010-2011 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында үстел теннисінен аудан біріншілігі өтті.

Аталған жарысқа 50-ге жуық спортшылар қатысып бақтарын сынады.

Мараппаттау салтанатына Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мамандары М.Тасполатов, Ә.Қалықұл, және Төлеби аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Н.Байзақ, №2 Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі А.Бутабеков қатысып, жарыс жеңімапаздары мен жүлдегерлеріне Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің дайындаған медальдарымен, дипломдарын табыстады.

Жарыс нәтижесі бойынша 2008-2009 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасындағы жеңімпаздарымыз. І орынды Е.Бүркітбай, ІІ орынды Қ.Ерімбет, ІІІ орынды Е.Төлепберген

2008-2009 жылы туылған жасөспірім қыздар арасындағы жеңімпаздарымыз. І орынды М.Елеуханқызы, ІІ орынды Б.Алшынбай, ІІІ орынды А.Қуаныш

2010-2011 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасындағы жеңімпаздарымыз. І орынды Д.Талқанбай, ІІ орынды М.Белгібайұлы, ІІІ орынды А.Мұса

2010-2011 жылы туылған жасөспірім қыздар арасындағы жеңімпаздарымыз. І орынды А.Жансейіт, ІІ орынды С.Әмірәлі, ІІІ орынды М.Жарылқасын

ПІКІР ЖАЗУ