Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Жас досымыз алаяқтарға алданбауға шақырады

3 сынып оқушысы Анель Абубакирқызы, өзі кішкентай болса да қоғамда болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамайды. Оның үстіне әкесі полицей болғандықтан, қылмыс пен құқық бұзушылыққа қарсы өзіндік ой-пікірі қалыптасқан. Содан болар кішкентай Анель барша ересектерге үндеу жасап, алаяқтарға алданбауға шақырады.

8 жасар Анель: «Бүгінгі күні алаяқтарға алданып, өзге біреудің құрығына түсіп жатқандар туралы жиі естимін. Сондықтан барша ересектерге қарапайым қауіпсіздік шараларын ұстаныңыздаршы дегім келеді. Өзіңіздің жеке деректеріңізді ешкімге айтпаңыз, бермеңіз. Барлық нәрсені тексеруден өткізіп барып, шешім қабылдаңызшы. Өзіңізді алаяқтың алдауына жол бермеңізші!» деп атап өтті.

Айта кетсек, бүгінгі қауіпсіздік сабағын өткізген Анельдің әкесі Түркістан облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Абубакир Бүркітбаев. Сол себепті Анель өскенде әке жолын жалғап, қоғамдық қауіпсіздіктің сақталуына үлес қосқысы келеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Зообақ жануарларын жаңа вольерлерге көшіру жұмыстары жалғасуда

admin

11 школ Туркестанской области — в числе 100 лучших в республике

admin

Шымкент: зауыт жылына 250 мың тонна өнім қндіруге қауқарлы

admin