Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Жетісу облысында «Қазсушар» филиалы 6 жаңа су қоймасын салу жұмысын жүргізіп жатыр

 Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Ақсу, Алакөл, Панфилов, Көксу және Ескелді аудандарында 6 жаңа су қоймасын салу жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл сумен қамтамасыз етілген егіс алқаптарының көлемін ұлғайтуға және трансшекаралық өзендерге тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда филиалдың қарамағында 4 су қоймасы бар.

Ал Қаратал ауданында суару каналдарын жөндеу жұмыстары жалғасуда. Мәселен, Күшік-қалпе магистральдық каналында ұзындығы 7 шақырым учаске механикалық әдіспен тазаланып, бетондау, дәнекерлеу жұмыстары, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстар мен гидробекеттерді жөндеу жүргізілді.

Сәйкес жаңалықтар

БАҚ ӨКІЛДЕРІ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН МАГИСТРАЛДЫ ЖЫЛУ ҚҰБЫРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

admin

Халықаралық театрлар фестивалі өтеді

admin

Шардара аудандық мәслихатының кезекті ХХ сессиясы өтті.

admin