Жаңа заң: Елімізде ЛГБТ-ны насихаттағандарды қандай жаза күтіп тұр?

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Сенатта өткен брифингте ЛГБТ-ны насихаттағандарға қандай жаза қолданылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, ЛГБТ-ны насихаттағаны үшін жауапкершілік «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заңда көзделген.

Біз мұны құқыққа қайшы контент санатына жатқызғандықтан, барлық нормалар айна-қатесіз бірдей болады. Мәні мынада: бірінші рет болса, 20 АЕК көлемінде айыппұл, ал бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл көлемі ұлғаяды немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделеді. Бұл норма анықтау емес, өтініш беру тәртібімен қолданылады. Яғни міндетті түрде өтініш түсуі керек, тек содан кейін ғана бағалау рәсімі басталады, – деді Кочетов.

Сондай-ақ вице-министр ЛГБТ-ны насихаттау деген ұғымның нақты нені білдіретінін түсіндірді.

Насихат дегенде біз дәл оң баға беруді меңзеп отырмыз. Егер екі ер адам қол ұстасып жүріп, оны әлеуметтік желіге салса, бұл, әрине, насихат болып саналмайды. Ал егер сол екі ер адам қол ұстасып жүріп, өз қауымдастығына қосылуға шақырса, онда бұл насихат ретінде бағаланады, – деп атап өтті вице-министр.

Еске салайық, Сенат ЛГБТ насихатына толықтай тыйым салатын заңды қабылдады.