Жаңа оқу жылында №65 мектеп-гимназиясы жаңа ғимаратпен қамтылады

Жаңа оқу жылында мектеп ұжымы мен оқушыларды жаңа оқу ғимаратымен қуанту мақсатында қаладағы №65 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясына қосымша жапсаржай салынуда.

Қазіргі уақытта 1251 орынға арналған №65 мектепте 3567 оқушы білім алуда. 600 орынға арналған қосымша оқу корпусын салудағы негізгі міндет – оқудың 1-сатысындағы оқушылар үшін оқу орындарының санын көбейту.

Сайрам шағын ауданында орналасқан жаңа оқу ғимаратының құрылысы қалай жүріп жатыр? Осы сұрақты алға тартқан қала әкім Мұрат Әйтенов нысан басында болып, құрылыстың жай-күйімен танысты.

Жалпы алаңы 5 мың шаршы метрді құрайтын құрылыс жұмысы кестеге сай жүргізіліп жатыр,

Ғимарат үш қабатты, 2 блоктан тұрады, мұнда 0-4 сынып оқушылары оқытылады деп күтілуде. Жалпы оқу ғимаратында 25 оқу сыныбы бар, сыныптар 24 оқушыға шақталған. Мектептің бастауыш сынып бөлігінде 50 педагог сабақ беретін болады. Оқушыларға 220 орындық асхана және спортзал қамтылған.

Сонымен бірге нысанның үшінші қабатында 16 оқу орны, 3 компьютер орны бар 10 мың кітап қорына арналған кітапхана, шахмат клубы қарастырылған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі!

ПІКІР ЖАЗУ