Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Алматыда таудан өздігінен түсе алмаған екі жасөспірім құтқарылды

Алматы қаласының Медеу ауданындағы «Энтузиасттар» алаңында (2800 м биіктікте) 2008 жылы туған екі жасөспірім Фурманов шыңынан түсу кезінде тоңып, қатты шаршаған. Олар жағдайларының нашарлауына байланысты құтқарушылардан көмек сұраған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына «Бұтақты» құтқару-бақылау пунктінен жедел жеткен Алматы қалалық ТЖД құтқарушылары жасөспірімдерді тау ішінен тауып, оларды қауіпсіз түрде Медеуге жеткізді. Зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болмады.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды тауға шығар алдында өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалап, ауа райын ескеруге, сондай-ақ жылы киім мен байланыс құралдарын міндетті түрде алып жүруге шақырады.

Сәйкес жаңалықтар

Шағын және орта бизнес өкілдері марапатталды

admin

2024 жылдың қорытындысы: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері

admin

Түркістанда облыс әкімінің бірінші орынбасарының қатысуымен қала әкімдігінде кеңейтілген мәжіліс өтті

admin