Жаңа әдіс тәсілдерді меңгерген білікті полицей

ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері республикадағы, одан соң шет елдердегі жоғары оқу орындарына барып, оқып келуде. Солардың бірі – Түркістан облысы Полиция департаменті Жедел-криминалистикалық басқармасы әдістемелік ұйымдастыру тобының аға криминалисі Шыңғыс Сарсеков.

Ол Ресей Федерациясының Волгоград қаласындағы РФ ІІМ-нің Волгоград академиясы базасында ұйымдастырылған тәжірибелі ұстаздардан білім алды. Яғни қылмыс ашуда уақытпен жарыса дамып жатқан соңғы технологияларды меңгеріп, үйреніп қайтты. Сондай-ақ дамыған елдердің қылмысты жедел ашудағы кәсібиліктерін көріп, пікір алмасты. Бастысы талай жыл қауіпті қызметте жүріп, атышулы қылмыстарды ашқан тәжірибелі басшылардың ақыл-кеңестеріне қанықты.

Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Волгоград академиясының полиция бастығы генерал-майор Р. Павленковтың қолынан арнайы сертификатты алды. Түркістандық полицей Шыңғыс өз қызметінің нағыз маманы. 2018 жылдан бері ішкі істер саласында антына адал, халқына қалтқысыз қызмет көрсетіп келеді.

Еңбек жолын Арыс ауданында аға криминалист қызметінен бастаған ол, біртіндеп Жедел-криминалистикалық басқармасының зерттеулер мен есептер бөлімінің криминалисті, ал бүгінде Түркістан облысында әдістемелік ұйымдастыру тобының аға криминалисті лауазымында қызметін жалғастыруда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ