01.10.2024 жылы, Сарығаш ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналды полиция инпекторларымен бірге мектеп оқушылары арасында құқықтық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, әлімжеттілік, буллинг, бопсалау, лудомания құмар ойындарын алдын алу мақсатында Сарыағаш ауданы Қапланбек ауылдық округінің Жоңарық ауылында орналасқан №74 жалпы орта мектебінде, Сіргелі ауылында №36 Қ.Тоқмұхамедов атындағы мектепте, Құркелес ауылдық округінде орналасқан №19 А.Оразбаева атындағы мектепте, Жарты төбе ауылдық округінде орналасқан № 35 Б.Ғафуров атындағы мектепте, Дербісек ауылдық округінде орналасқан №31 Т.Бигельдинов атындағы мектепте және Дарбаза ауылдық округінде орналасқан № 70 С.Байғозиев атындағы жалпы орта мектепте 7-11 сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді. Онда жасы кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылық пен қылмыстардың алдын алу, болдырмау мақсатында, тәрбиелік мәні бар, насихаттау және заң талаптарын кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
