Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарСаясат

Жамбыл облысының тумасы шетелде лауазымды қызметке тағайындалды

Қазақ қызы Қырғызстанның монополияға қарсы ведомствосын басқарады. Бұл туралы vesti.kg сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Гүлшат Асылбаева Қырғызстанның экономика және коммерция министрлігі жанындағы Монополияға қарсы реттеу қызметінің төрағасы болып тағайындалды. Тиісті өкімге Қырғызстанның Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров қол қойды, — делінген мәліметте.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлшат Асылбаева Жогорку Кенештің VI шақырылымының депутаты болған.

Гүлшат Асылбаевның ұлты қазақ. 1960 жылы Жамбыл облысының Қордай ауданына қарасты Георгиевка ауылында дүниеге келген.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстандық спортшы әртістік жүзуден әлем кубогінде алтын медаль жеңіп алды

admin

Мұрат Әйтенов: Бүгін мектебіне үлес қосқан бала, ертең еліне қызмет етеді

admin

Үйлену тойында отырып уланған 25 адам ауруханаға жеткізілді

admin