Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Лаңкестер Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жарып жібермек болған

Террористер Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жарып жібермек болған. Бұл туралы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының 40 -шы кеңесінде мәлімдеді. Маманның сөзінше, Қазақстанда күшейген лаңкестік қауіп тұрақты күйінде қалып отыр. Мамандар жыл сайын кемінде екі лаңкестік әрекеттің алдын алады.

Руслан Сейсембаев,  Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті төрағасының орынбасары: «Қазақстанда жоғары террористік қауіп сақталып отыр. Жыл сайын кем дегенде осындай 2 шабуылдың алдын аламыз. Мысалы, биыл дайындықтың ерте кезеңінде Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен жарудың жолы кесілді. Астанада халық көп жиналған жерде қарумен шабуыл жасамақ болғандар ұсталды».

Сәйкес жаңалықтар

Сейсмология саласын дамытудың кешенді жоспары қабылданды

admin

Қазақстанда мектептер жаппай алты күндік оқуға көше ме?

admin

Бәйдібек: аудан әкімі шақпақтық тұрғындармен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады

admin