Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Жамбыл облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

11 ақпан күні Жуалы ауданы, Көлбастау ауылының аумағында терроризмге қарсы Жуалы аудандық жедел штабымен «Мыңбұлақ-Антитеррор-2026» оқу-жаттығуы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған іс-шараның мақсаты — құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.

Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.

Сәйкес жаңалықтар

Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

admin

«Катко» қазақ-француз бірлескен кәсіпорынның құрылғанына 25 жыл

admin

Тоқаев Дархан Сатыбалдыны қабылдады

admin