Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Тоқаев Дархан Сатыбалдыны қабылдады

 Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасарын қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымы басқару процесі мен аймақтар арасындағы ықпалдастықты жетілдіру, өзінің тапсырмалары мен шешімдерінің жергілікті жерде орындалу барысына бақылауды күшейту, сондай-ақ қабылданған шаралардың сапасын жақсартып, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мақсатында енгізіліп отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасарына нақты міндеттер жүктелді.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрылғанына 25 жыл толды

admin

Шымкент: Әл-Фараби ауданына қосымша 120 қоқыс алаңшасы орнатылуда

admin

Дулат Исабеков: Біз бәріне балаша сендік…

admin