Жамбыл облысында малды ұрлап, сойып сатқандар анықталды

Жамбыл облысы полиция қызметкерлері “Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында қылмыстық топтың іс-әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың алдын ала сөз байласу арқылы Байзақ, Жамбыл аудандарының аумағындағы жайылымдардан бірнеше рет жылқы ұрлап, содан кейін оларды сойып, сатумен айналысқандары белгілі болды.

Ұсталған азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ олардың бұдан басқа 4 мал ұрлау дерегіне қатысы бары және ұрланған 5 жылқыны сойып сатқаны анықталды.

Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. “Мал ұрысы” республикалық iс-шарасы облыс аумағында 23 ақпанға дейін жалғасады.

ПІКІР ЖАЗУ