Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Жамбыл облысында 4,7 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

 Жамбыл облысында прокуратура 4,7 мың гектар жерді мемлекеттік қорға қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысының прокуратурасының мәлімдеуінше, Байзақ ауданының прокуратурасы 465 гектар жерді заңсыз беру фактісін және пайдаланылмай жатқан 4292 гектар жер телімін анықтады.

Бұл учаскелердің кадастрлық құны 55 млн теңгеден астам болады.

Жергілікті атқарушы органға енгізілген прокурорлық қадағалау актісі негізінде сотқа дейінгі тәртіппен пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін толық қайтару қамтамасыз етіліп, ал қалған заңсыз берілген жерлер бойынша сотқа жерді жалға алу шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берілді.

Жамбыл облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың 13.02.2024 жылғы шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, 465 гектар жер мемлекетке қайтарылды.

Бұл жер учаскелері алдағы уақытта шаруа қожалықтарына заңда белгіленген тәртіппен беру арқылы шаруашылық айналымына тартылады.

Сәйкес жаңалықтар

Мәжілісте әскери қызметке қатысты дөңгелек үстел өтті

admin

Түлкібас тарихы — тереңде!

admin

Алматыда алимент бойынша ең үлкен берешек сомасы анықталды

admin