Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Астанада жүргізушілерге автобус жолақшаларымен жүруге рұқсат етілді

 Астанада жол жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңіне көлік жүктемесін азайту мақсатында кейбір көшелердегі «Сергек» камераларымен автобус жолақтары бойынша қозғалысты тіркеу уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаланың магистральдық көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жолдың асфальт жабынын төсеуге және жол белгілерін қоюға байланысты кейбір көшелерде автомобильдердің қозғалысы уақытша шектеледі.

Осыған байланысты көлік жүктемесін төмендету мақсатында осы жылдың 14 маусымы мен 1 шілдесі аралығында Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының бойында, сондай-ақ Сарайшық және Сарыарқа көшелерінде «Сергек» камераларымен автобус жолақтары бойынша қозғалысты тіркеу уақытша тоқтатылды, – делінген хабарламада.

Полиция депаратменті жүргізушілерден елорда жолдарындағы өзгерістерді ескеруді сұрайды.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: ҚР Рәміздерінің 30 жылдығы Таңбалы тас маңында ерекше аталып өтті

admin

Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі үндеу жасады

admin

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қаладағы атқарылып жатқан құрылыс барысын аралады

admin