Зейнетақы реформасы: Жиырма жылда қандай өзгерістер болды?

Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясының мамандары зерттеу барысында соңғы 20 жыл ішінде еліміздегі зейнеткерлер санының және зейнетақы мөлшерінің қаншалақты өзгергенін анықтады, деп хабарлайды  egemen.kz

Қазақстанда 20 жыл ішінде еліміздегі зейнеткерлер саны 27,43% өскен. ЖАҚ «Үкімет азаматтар үшін» және Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері бойынша, 2021 жылдың 1 қазанына сәйкес Қазақстанда 2 миллион 229 мыңнан астам зейнеткерлер бар. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 0,99% кем. Зейнеткерлер саны Алматы облысында (234 043), Шығыс Қазақстан облысы (233 109)  және Алматыда (229 994) адамды құрайды. Зейнеткерлердің ең азы Маңғыстау (55 388), Атырау (61 252) және Қызылорда облыстарында (76 423) екен. 2021 жылы зейнетақының орташа мөлшері былтырғымен салыстырғанда, 56,2% өсіп, 99 897 теңгені құрады. Қазақстанда 20 жыл ішінде зейнетақы 20 есе өскен. ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, ең үлкен зейнетақы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында белгіленген (80 114 және 76 394 теңге). Ең төмен зейнетақы Түркістан және Алматы облыстарында (48 949 және 55 648 теңге ). 2021 жылы зейнетақы жүйесінде бірқатар өзгерістер орын алған. Ең бастысы, қазақстандықтардың БЖЗҚ қорынан ішінара алу мүмкіндігі пайда болды.  Тағы бір маңызды өзгеріс: кейінге қалдырылған зейнетақылық аннуитетті іске қосу. Оның ережелеріне сәйкес, сақтандырушымен Шарт жасасу 45 жасқа толғаннан кейін ғана мүмкін болады. 2021 жылдан бастап, жеткілікті сома ерлер үшін 5,6 млн теңге, әйелдер үшін 7,4 млн теңгені құрайды. Зейнетақылық аннуитет Шартын жасасу арқылы ерлер зейнетақыны 55 жасынан, ал әйелдер биыл 52 жасынан алатын болады (2027 жылы 55 жастан). Сондай-ақ Шартқа сәйкес, тиісті жасына жеткен тұтынушы зейнетақы төлемдерін жыл сайынғы (5%) индекстеу мөлшерін ескеріп алатын болады. Ал зейнетақылық аннуитет Шартын құнсызданудан қорғау ретінде жасаған кезде, доллар бағамына сәйкес индекстелген төлемдерін алады. Сонымен қатар ортақ зейнетақылық аннуитетті іске енгізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, бір Шартқа отбасының бірнеше мүшесі отыруы мүмкін. Оның ерекшелігі ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс болғанда, екіншісі зейнетақы төлемдерін Шарт бойынша алуды жалғастырады.

ПІКІР ЖАЗУ