Вице-министр Бәйдібек аудандағы «Қапшағай» суқоймасының жөндеу жұмыстарымен танысты

Бәйдібек ауданына Қазақстан Республикасы су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов арнайы іссапармен келді.

Вице-министр аудандағы Алғабас ауылдық округіне қарасты Қазата елді мекеніндегі «Қапшағай» су қоймасында жүргізіліп жатқан реконструкциялау жұмыстарымен танысты.

Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев бірінші кезекте вице-министрге еліміз үшін маңызды нысанға жүргізіліп жатқан реконструкциялау жұмыстарының құрылысы баяу жүріп жатқандығын жеткізіп, жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтау үшін жылдамдатуға ықпал жасауын және  ауыз су мен суармалы жерлерін осы су қойма арқылы жылдар бойы пайдаланып отырған аудан тұрғындарының су тапшылығына қатысты мәселелерін жан-жақты айтып өтті.

 Вице-министр бірінші кезекте еліміз үшін маңызды нысан «Қапшағай» су қоймасының реконструкциялау жұмыстарының сапалы жүргізілуі бақылауда екендігін жеткізді.  Жауапты мамандар мен мердігерге мерзімінде аяқтауды тапсырды.

ПІКІР ЖАЗУ