Бәйдібек: аудан орталығы – ауданның айнасы болу керек

Бүгін аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов сала бойынша орынбасары және бөлім басшыларымен бірге Шаян ауылындағы орталық  және ішкі көшелерді аралады. Орталықтағы әрбір көшені көзбен көріп, орын алып жатқан кемшіліктер  жөнінде жауапты бөлім мен мекемеге орындау үшін мерзімін белгілеп, нақты тапсырмалар жүктеді. Шаян ауылдық округінің әкіміне құрылысы жүргізіліп аяқсыз тұрған ғимараттардың есебін ұсынуын тапсырды.

– Аудан орталығы – бұл ауданның айнасы. Ең алдымен сыртқы келбеті мен тазалығына назар аудару керекпіз. Өздеріңізбен бірге бірқатар көшелерді араладық. Аралаған көшелер қоқысқа толы. Жаңадан жөнделген кешелерде аяқсыз қалған жұмыстар көп, жол бойында асфальт қалдықтары жатыр. Кейбір көшелердегі өсіп тұрған талдардан жол белгілері көрінбейді. Қойылған суағарлардың жиегіндегі топырақтары отырған.  Жеке тұрғын үйлердің сыртындағы көше бойларына құрылыс заттары төгілген. Қақпақтары жабылмаған ауыз су құдықтары кездесті. Тұрғындар демалып отыратын орындықтар сынып, қоқыс тастайтын жәшіктер бүлінген. Аяқ жол жүретін көше шамдары жанбайды, жарықтары шағылып сынған. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін қажетті жолақ сызықтар жасалмаған. Биылғы төселген асфальт жолдардағы кемшіліктер мердігерлер тарапынан қалпына келтірілу керек деп нақты тапсырма жүктеді, – аудан әкімі  Ерлан Нұрмаханов.  

ПІКІР ЖАЗУ