Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Ұялы телефондарды ұрлаған күдіктінің ісі сотқа өтті

Келес ауданының полиция қызметкерлері дүкенде орын алған ұрлық қылмысын ашты. Күдікті жігіт ұрлық қылмысын алдын ала жоспарлы түрде ұйымдастырған болып шықты.

Ол телефон сататын дүкенге тұтынушы болып кіріп, қажетті заттарды алмақшы болған. Оңай олжалы болуды көздеген ер адам сатушының басқа іспен айналысып тұрған сәтін пайдаланып, екі бірдей «Redmi» маркалы ұялы телефонды жымқырып, дүкеннен ізін суытқан. Содан соң ұрланған телефондарды сатып жіберген.

Тәртіп сақшылары сатылып кеткен ұялы телефондарды анықтап, заңды иесіне тапсырды. Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа жолданды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Діни экстермизм – ғасыр індеті

admin

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын форматта өткен отырысына қатысты

admin

Қазақстан – Қытай: 1700 шақырымға созылған ортақ шекара бейбіт пен тату көршіліктің символына айналды

admin