Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

ІІМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады

ІІМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Ауа-райының суытуы техногендік өрттердің көбеюіне әкелуі мүмкін. Осыған байланысты біз жоғары қуатты электр құрылғыларын бір уақытта қосу арқылы пештерді қыздырмауға және электр желілерін шамадан тыс жүктемеуге кеңес береміз. Автокөлік иелеріне ашық оттың көмегімен автомобильдерді жылыту қауіпті екенін еске саламыз. ІІМ еліміздің барлық тұрғындарына үйде оқыс жағдайларды болдырмау үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады:

– мұржаларды уақтылы тазалап, пештерді жөндеу қажет;

– ақауы бар жылыту құрылғылары мен газ жабдықтарын пайдаланбаңыздар;

– балаларды ересектердің қарауынсыз жалғыз қалдырмаңыздар.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыздар. Барлық оқиғалар туралы 101 немесе 102 телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз, – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Сәйкес жаңалықтар

Мұсылмандық некенің заңды күші бар ма

admin

Облыстың әдеп жөніндегі уәкілі кездесу-семинар өткізді.

admin

Астанада жыл басынан бері ондаған самокат жүргізушісі апатқа ұшырады

admin