«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгеге қатысушы шабандоздар 1000 шақырымдық межені бағындырды
Бүгін «Ұлы Дала Жорығы» марафон-бәйгесінің 10-шы күні. Шабандоздар бүгін 1000 шақырымдық межені бағындырды. Созақ ауданы, Қаратау ауыл округі, Сарыжаз елді мекеніне ат басын тіреді. Бүгін ат аяғын суытып, ертең таңертең жолға шығады. Бүгінгі жарыста алғаш болып мәреге Түркістан облысының шабандоздары жетті. Ақтөбе облысы мен Маңғыстау облысы екінші үшінші болып мәре сызығын қиды. Қалған 5 командар жарыс жолында.
Түркістан облысы командасының жетекшісі Алмат Айтжан: -Елордамыз Астанадан бастау алған марафон- бәйгенің соңына да таяп қалды. Тұлпарлар туған жердің топырағына аяқ арытқан соң жылдамдығын да үдетіп келеді. Кеше марафон- бәйгенің 9-шы күні 1-ші келдік. Міне, бүгінгі жарыс күні де алғаш болып мәре сызығын қидық. Жалпы есепте командалық жағдайымызды жақсарып келеді. Бұл жердің сай-қыры, атқа да шабандозға да таныс. Сондықтан нәтиже де арытып келеді»,- дейді атбегі Алмат Айтжан.
Қаратау ауыл округінің тұрғыны Елмұрат Керімхан осы жарыстың көрермені. – Марафон бәйге басталды дегелі екі көзіміз төрт болып, шабандоздарды күтіп жүрміз. Жерлестерімізге жанкүйерлік етіп, солардың тілеуін тілеп отырмыз. Кеше де Тайқоңыр елді мекенінде жерлестерімізді күтіп алғанбыз. Бүгін де арнайы келдік,- дейді.
Жарыс жолындағы 8 команда бүгін осында тынығады. Ертең Шолаққоран ауыл округі, Абай елді мекенінде қарай 100 шақырымдық жарыс жолына шығады.