«Ұлы дала жорығы» бәйге-марафонының жүлдегерлерін қабылдады

Елімізде алғаш рет 18-30 қыркүйекте «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі ұйыдастырылған болатын. 12 күн бұрын бастау алған аламанда шабандоздар 1200 шақырымды бағындырды. Биыл тұңғыш рет өтіп отырған бұл бәйгенің баламасы әлемде жоқ. Дүбірлі додаға Қазақстан бойынша 19 аймақ сәйгүлік қосқан. Осынау сында созақтық шабандоздар «Теріскей» командасы, Түркістан облысының намысын қорғады.

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, «Теріскей» шабандозарын қабылдап, құрмет көрсетті.

-Ат, бәйге, көкпар десе делебезі қоспайтын қазақ жоқ. Астанадан бастау алған марафон- бәйгеде созақтық тұрғындар алаңдап, құлақтарын тосып жүрді. Созақтық атбегілер абырой болып, биіктен көрінді. Бұл сөзсіз сіздердің, барлық команданың еңбегі. Алдағы уақытта ауданнан ұлттық спорт мектебін ашу мәселесін қарастырып жатырмыз,- деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.

Атбегілерді қабылдап құрмет көрсеткен аудан басшысына, команда жетекшісі Алмат Айтжан, Мырзағали Жақаев ризашылығын білдірді.

«Ұлы дала жорығы» марафон бәйгесінде Зұлқайнар Думан, Бауыржанұлы Исатай, Барлыпұлы Сайдрахман, Тоқтарұлы Өскен, Жанысбайұлы Армияд сынды шабандоздар ат тізгінін ұстады. Сонымен қатар Түркістан облысы «Теріскей» командасының жетекшісі Алмат Айтжан, Түркістан облысы ұлттық ат спорты мектебінің аға жаттықтырушысы Айтбаев Нұрхан, команда мүшелері Жақаев Мырзағали, Әбдіраев Әлиайдар, Ұлықсатов Барлып, Есентаев Бауыржан, Мақанов Еркін, Қыстаубаев Біржан, Өтепов Абай, Жазылбек Ниетқабылұлы сынды азаматтар ауызбіршілікте болып үлкен жетістікке жетті.

ПІКІР ЖАЗУ