«Учаске» жедел профилактикалық шарасы бастау алды

Арыс аудандық полиция бөлімі тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту мақсатында ағымдағы жылдың 16 қыркүйек пен 1 қараша аралығында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік учаскелерде өздерінің визит карточкаларын көрсете отырып, пәтерлер мен аулаларды аралайды, тұрғын үйлердің кірер аумағына, дүкендерде, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда, ойын-сауық орындарында ақпараттық парақшаларды орналастырады.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары қоғамға жат әрекеттер мен қадағалаусыз қалу фактілерінің жолын кесу үшін жалдамалы пәтерлерді, базарларды және басқа да сауда орындарын, тұрмысы нашар отбасыларды, жастардың шоғырлану орындарын тексеруде.
Шара барысында ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған адамдарды және тұрғылықты жері бойынша азаматтық қару иелерін де тексеру жоспарланған.
Аудан тұрғындары мен қонақтарын полиция қызметкерлеріне барынша көмек көрсетуге және профилактикалық іс-шараны өткізуде түсіністікпен қарауға шақырамыз.
Түрікстан облысы ПД баспасөз қызметі