ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Шымкент қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының III спартакиадасы өтті. Төрт жылда бір рет өткізілетін жарысқа еліміздің 18 өңірінен келген 800-ден астам спортшы бақ сынады. Сурдлимпиада спортшылары жарыста спорттың 11 түрінен 150 медальды өзара сарапқа салды.
Спартакиадаға Түркістан облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубының спортшылары қатысып, жүлдегер атанды. Облыс намысын қорғаған сайыпқырандар 3 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль иеленді.
Спорт клубының директоры Абай Ізтілеуұлының айтуынша, өңіріміздің мықтылары саналатын спортшылар дойбы, қол күресі, таеквондо, еркін және дзюдо күресі спорт түрлері бойынша сынға түскен.
Тарқатып айтсақ, Жасұлан Сейілханов қол күресінен, Әліби Қаныбеков дзюдо күресінен, Бақытжан Баданов дойбыдан чемпион атанды. Сондай-ақ Қайыржан Пернеев еркін күрестен, Жасұлан Сейілханов найза лақтырудан, ал Түркістан қаласының тумасы Зарина Мықтыбай дойбыдан күміс жүлдеге лайықты екендігін дәлелдеді. Ал Ихтиер Асроров дзюдо күресінен, Шекербек Жауғашев және Мейірман Пернеев дойбыдан, Эрбул Абдуразаков пен Рысай Бақтыбай таеквондодан қола жүлде алды.
Еске сала кетсек, есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы алғашқы спартакиада 2014 жылы Алматы қаласында спорттың 5 түрінен өтсе, II спартакиада 2018 жылы Ақтөбе қаласында спорттың 10 түрінен өткен болатын.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
___
СПОРТСМЕНЫ ИЗ ТУРКЕСТАНА СТАЛИ ПРИЗЕРАМИ
В Шымкенте прошла III спартакиада Республики Казахстан среди спортсменов с нарушением слуха. В соревнованиях, проводимых один раз в четыре года, приняли участие более 800 спортсменов из 18 регионов страны. Сурдлимпийские спортсмены соревновались за 150 медалей в 11 видах спорта.
В состязаниях участвовали спортсмены Туркестанского областного спортивного клуба для людей с инвалидностью «Сауран». Они завоевали 3 золотые, 3 серебряные и 5 бронзовых медалей.
По словам директора спортивного клуба Абая Изтлеуулы, спортсмены региона выступили по шашкам, армрестлингу, тхэквондо, вольной борьбе и дзюдо.
Так, Жасулан Сеильханов стал чемпионом по армрестлингу, Алиби Каныбеков – по дзюдо, Бахытжан Баданов – по шашкам. Кайыржан Пернеев завоевал серебряные медали в вольной борьбе, Жасулан Сеильханов – в метании копья, а Зарина Мыктыбай – в шашках. Ихтиер Асроров завоевал бронзовые медали по дзюдо, Шекербек Жаугашев и Мейрман Пернеев – по шашкам, Эрбул Абдуразаков и Рысай Бактыбай – по тхэквондо.
Напомним, первая спартакиада среди спортсменов с нарушением слуха прошла в 2014 году в Алматы по 5 видам спорта, II спартакиада – в 2018 году в Актобе по 10 видам спорта.
Пресс-служба акима Туркестанской области
__
ATHLETES FROM TURKESTAN BECAME PRIZE-WINNERS
The III Spartakiad of the Republic of Kazakhstan among athletes with hearing impairment was held in Shymkent. More than 800 athletes from 18 regions of the country took part in the competitions held once every four years. Deaflympic athletes competed for 150 medals in 11 sports.
Athletes of the Turkestan regional sports club for people with disabilities “Sauran” participated in the competitions. They won 3 gold, 3 silver and 5 bronze medals.
According to the director of the sports club Abai Iztleuuly, the athletes of the region performed in draughts, arm wrestling, taekwondo, freestyle wrestling and judo.
So, Zhasulan Seilkhanov became the champion in arm wrestling, Alibi Kanybekov – in judo, Bakhytzhan Badanov – in draughts. Kayyrzhan Perneev won silver medals in freestyle wrestling, Zhasulan Seilkhanov – in javelin throwing, and Zarina Myktybai – in checkers. Ihtiyor Asrorov won bronze medals in judo, Shekerbek Zhaugashev and Meirman Perneev in draughts, Erbul Abdurazakov and Rysai Baktybai in taekwondo.
Recall that the first Spartakiad among athletes with hearing impairment was held in 2014 in Almaty in 5 sports, the II Spartakiad – in 2018 in Aktobe in 10 sports.
Press service of the akim of Turkestan region

ПІКІР ЖАЗУ