Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістандық полицей арулар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлделі орындар алды

Астанада Түркістан облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторлары Перизат Жақыпбекова мен Айнұр Ақжігітова белбеу күресінен жарысқа қатысып, қарсыластарынан оза шапты. Жүзден жүйрік атанған Перизат күміс алқаны, ал Айнұр қола жүлдені қанжығалады.

Ең қауіпті, ең маңызды салалардың бірінде қаймықпастан қызмет атқарып жүрген қыздар бала кезден полицей болуды армандаған. Олардың табысқа жету жолы — еңбек, табандылық және өз ісіне деген сүйіспеншілік. Олар күш-жігердің арқасында жаһандық, халықаралық және республикалық деңгейде тамаша нәтижелерге қол жеткізуге болатынын көрсетті.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және жаңа биіктерге жетуіне тілектеспіз!

Сәйкес жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТКІЗІЛДІ

admin

ШЫМКЕНТ: Пандустар мүмкіндігі шектеулі жандарға қатер төндірмеуі керек

admin

Жайылым жайы қаралды

admin