Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Мекен-жайынан адасқан Түркиядан келген туристке полиция көмектесті

Түркия елінен келген шетелдік Али есімді азамат Түркістан облысы полициясынан көмек сұрады. Оның айтуынша қонақ үйге орналасқан мекен-жайынан шығып, қыдырып, қайта оралар кезде таппай, адасып кеткен. Осылайша турист бірнеше сағаттай жүрген.

Туристік полициядағы сақшылар шетелдікпен түрікше тілдескен уақытта оның тіпті қонақ үйдің аты мен нақты орналасқан көше атауын да білмейтінін анықтады.Осыдан соң полицейлер шетелдік азаматты қызметтік көлікке салып алып, көшелердегі қонақ үйлерді көрсетіп шықты.

Осылайша туристік полицияның жедел әрекетінің нәтижесінде шетелдік өзі аялдаған қонақ үйіне жеткізілді. Өз кезегінде турист Қазақстан полициясының оның ішінде Түркістан облысының туристік полициясының кішіпейілділігі мен қызметіне адалдығын айтып, алғысын жеткізді.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістанға қызмет етуге келген «JANA LEP!» өнерпаздары Республика күнінде көрерменді сүйсіндірді

admin

Тоқаев балаларды суицидке итермелейтін жағдайлардың белең алмауына назар аударды

admin

ОБЛЫСТА 729,7 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

admin