Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістанда ұлттық құндылықтарды дәріптейтін байқау өтті

Түркістан қаласында «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыстық «Тамаша әже» байқауы өтті. Шараға Отырар, Сауран, Шардара, Мақтарал, Жетісай, Келес, Созақ, Сарыағаш, кентаулық қарттар қатысты.

Аталған шараның мақсаты – тұрғындар арасында ұлттық салт-дәстүрді кеңінен насихаттау. Шараға қатысушылар баланы бесікке салу салтын орындаудан және ұлттық аспаптарда ойнап, ұлттық киім үлгілерін дайындау бойынша жарысты.

Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды түркістандық Күлгін Айымбетова еншілесе, 2-орынды Шардара ауданының қатысушысы алды. Ал 3-орынға келестік әжелер тобы ие болды.

Байқауда қалалық «Әжелер алқасының» төрайымы Айғаным Серім, қалалық «Аналар алқасының» төрайымы Ұлжан Мұстафаева, облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Ардагерлер мен мүгедектігі бар адамдармен жұмыс жүргізу» бөлімінің маманы Шолпан Абилдаева және қалалық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар»бөлімінің басшысы Дана Джитбаева қазылық етті.

 

Сәйкес жаңалықтар

Түркістандық журналистерге Ішкі істер министрі Е.Саденовтың мерекелік марапаты табысталды

admin

Полицейлер 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығын қорытындылады

admin

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан жұртшылығымен кездесуінде сөйлеген сөзінен

admin