Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Биіктікке секіруден қазақстандық екі спортшы финалға шықты

Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада биіктікке секіруден қазақстандық екі спортшы финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Іріктеу жарысының қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен 12 спортшы финалға жолдама алды. Әр топта сынға түскен қазақстандық спортшылар Надежда Дубовицкая мен Кристина Овчинникова сәйкесінше 1,84 және 1,80 ұпай жинап, жарыстың финалдық кезеңіне жолдамана ие болды. 

Биіктікке секіру финалында барлығы 12 спортшы сынға түспек. Ал финал 6 тамызда Чэнду қаласындағы (Сычуань провинциясы, Қытай) «Шуанлю» стадионында Бейжің уақытымен 18:30-да басталады деп күтіліп отыр. 

Универсиада Ойындарының бүгін таңертеңгі нәтижесі бойынша Қазақстан жалпы есепте 19-шы сатыға жайғасқан. Ел құрамасының қоржынында 19 медаль бар. Оның ішінде екі алтын, жеті күміс және 10 қола бар. 

Сәйкес жаңалықтар

«Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасымен «Ақылдым» журналының ұйымдастыруымен байқау өткізілді

admin

Сарыағаш: алтын құрсақты аналар марапатталды

admin

Түркістан облысында су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары күшейтілді

admin