Түркістанда республикалық “Түркістан дауысы” байқауының жеңімпазы анықталды
-
Түркістан облысының 4 жылдығына орай, биыл екінші рет ұйымдастырылған республикалық «Түркістан дауысы» ән байқауы өз мәресіне жетті. Екі күн бойы еліміздің әр өңірінен келген 17 жас әнші Қазақстан композиторларының әндері мен өзі таңдаған шығарманы вокалды инструменталды ансамбль сүйемелдеуімен орындап шықты.
Байқауға ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, композитор Медеу Арынбаев, «Құрмет» орденінің иегері, композитор Бейбіт Оралұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Маржан Арапбаева, Өзбекстанның халық әртісі Мансур Ташматов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Жанар Дұғалова қазылық етті.
Бірінен бірі өткен таланттар арасында жеңімпазды анықтау қазылар алқасына да оңайға соқпады. Қазылар алқасының төрағасы Медеу Арынбаев осыны алға тартып, қатысушылардың дайындығының жоғары деңгейде болғанын, олардың ән таңдауы, дауыс техникасы, сахна шеберліктері мен жауапкершіліктері мықты екендігін атап өтті. Ал танымал композитор Бейбіт Оралұлы «Маған республикалық байқау ұнады. Қатысушылардың дені ән айтудың нағыз шеберлері деуге болады. Олар тіпті халықаралық байқауларға да тәжірибелері жететін кәсіби музыканттар екендігін дәлелдей түсті», — деді.
Байқауда бас жүлде иегері Алматы облысының қатысушысы Алмагүл Батталиева атанса, 1-орынға Дидар Абдухалық (Шымкент қаласы), Бахтияр Ақылбек (Ақтөбе облысы) лайық деп танылды. Ал 2-орынды Толғанай Пазылақын (Алматы қаласы) мен Арқас Айдарбек (Батыс Қазақстан облысы) иемденсе, 3-орын Эльвира Нургужина мен (Нұр-Сұлтан қаласы) мен Асыл Жомартовқа (Маңғыстау облысы) және Ернар Амандыққа (Қызылорда облысы) бұйырды. Ал Назрин Мұса (Қарағанды облысы) мен Жанасыл Елюбаев (Ұлытау облысы) және Айдана Риза (Қостанай облысы) байқау дипломанттары атанды.
Байқау жеңімпаздарына Гран-при кубогынан бөлек, арнайы жүлделер мен дипломдар, бағалы сыйлықтар табысталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
В этом году, во второй раз, состоялся республиканский конкурс в честь четырехлетия Туркестанской области «Түркістан дауысы». Два дня подряд 17 молодых талантливых участников исполняли произведения композиторов.Членами жюри конкурса были певец, исполнитель, композитор Медеу Арынбаев, композитор Бейбит Оралулы, исполнительница Маржан Арапбаева, узбекистанский артист Мансур Ташматов, певица Жанар Дугалова.
Обладательницей Гран-при конкурса стала Алмагуль Батталиева(Алматинская область), первое место завоевали Дидар Абдухалык (Шымкент) и Бахтияр Акылбек (Актобе). Второе место – у Толганай Пазылакын (Алматы) и Аркаса Айдарбека (ЗКО), третье завоевали Эльвира Нургужина (Нур-Султан), Асыл Жомартов (Мангистауская область) и Ернар Амандык (Кызылординская область). Назрин Муса (Карагандинская область), Жанасыл Елюбаев (Улытауская область) и Айдана Риза (Костанайская область) стали дипломантами конкурса.
Победители были награждены специальными дипломами и ценными призами.
Пресс-служба акима Туркестанской области