Түркістанда аналар кеңесінің мүшелері референдумды қолдады

Бүгін Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебінің ғимаратында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Жиынды Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы-этносаралық қатынастар бөлімінің маманы Мадина Камеденова ашып, жүргізіп отырды.

Алқалы басқосуға облыстық ҚХА жанындағы қалалық, аудандық Аналар кеңесінің төрайымдары мен облыстық этномәдени бірлестіктердің Аналар кеңесінің төрайымдары қатысты.

Келелі жиында сөз алған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасы тұжырымдамасының 4 бағытына тоқталды. Яғни, 1-бағыт (Еліне азамат тәрбиелеген отбасы), 2-бағыт (Бақытты ана – бақытты отбасы), 3-бағыт (Тұғырлы отбасы – бақытты балалық шақтың бастауы), 4-бағыт (Жақсылыққа жетелейтін жандар) бойынша іске асып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар, аталған жобаны жүзеге асыру бойынша Жол картасы және 5 маусымда өтетін референдумының мән-маңызы туралы айтты.

– Конституциялық реформа – «Жаңа Қазақстанды» құрудың нақты көрінісі. Референдум – Мемлекет басшысының Жолдауында жарияланған реформаларды халықтың таңдауымен жүзеге асыру. Ата заңымызды түзету арқылы барлық салада біраз өзгеріс болатынына сенім мол. Оған референдум арқылы халықтың үн қосуы маңызды деп санаймын, – деді Э. Ұласбекқызы.

Отырыста «Мемлекет жүргізген гендерлік саясат: жетістіктер мен жоспарлар» тақырыбында Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Г.Тоққұлова, «Жалпыхалықтық референдумның маңыздылығы» тақырыбында Кентау қалалық Аналар кеңесінің төрайымы М.Кривенцова мазмұнды баяндама жасады.

Сондай-ақ жиын барысында Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымын сайлау мәселесі талқыға салынды. Осы орайда, Аналар кеңесі мүшелері бірауыздан бұған дейін Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары болып қызмет атқарған Гүлсара Тоққұлованы төрайым етіп сайлады. Бұрынғы төрайым Дүйсенкүл Жамболованың ерен еңбегі үшін ол кісіге «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Э. Жанғазиева алғыс білдірді.

Басқосу ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының референдумды өткізу шешімі бойынша өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды. Кеңес мүшелері мен жиналған түркістандық аналар референдумды қолдайтынын айтты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі – Ассамблеяның заңды құрылымдарының бірі. Олар өз қызметін еліміздің үлкен қалаларынан бастап әрбір шағын елді мекенінде жүзеге асырады. Олардың құрылуына түрткі болған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының 2013 жылдың 4 сәуірінде өткен XX сессиясында сөйлеген сөзі.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты баяндамасында Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту ісіне халықтың барлық топтарының қатысуын күшейту міндетін қойды. Облыс, республикалық маңызы бар қалалар әкімдеріне жыл соңына дейін барлық өңірлерде Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен Қоғамдық келісім кеңестерін құру туралы тапсырма берілді.

Сол кезде елімізде Қоғамдық келісім кеңестерімен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан Аналар кеңестері құрыла бастады. Негізінде, кейбір тұрмыстық мәселелерді шешу, тәрбиелеу мәселелерін талқылау, ұлттық құндылықтарды сақтау бағытында жұмыс істеу үшін аналар жиналған түрлі одақтар, кеңестер, бірлестіктер бұрын да болған. Елбасының Қоғамдық келісім кеңестерін құру жөніндегі тапсырмасы сол ұйымдардың Аналар кеңесі деген атаумен қоғамдық бірлестік ретінде ресімделуі үшін негіз болды.

ҚХА жанындағы Аналар кеңестері елімізде ұйымшылдықпен бір мезгілде, шамамен бір-екі ай ішінде құрылған болатын. Бірден олардың қызметін бірыңғай форматқа келтіру, жұмыстарының бағытын айқындау бойынша ой-пікірлерді ортаға салып, бір арнаға тоғыстыру қажеттігі байқалды. Сөйтіп, 2014 жылғы 13-14 қарашада елордада Аналар кеңестерінің I Республикалық форумы болып өтті.

Аналар кеңестеріне мүшелікке кірем деушілерге шектеу жоқ. Қазіргі уақытта еліміздің өңірлерінде 16 облыстық, 47 қалалық, 270 аудандық, 1239 ауылдық аналар кеңесі жұмыс істейді. Сондай – ақ этномәдени бірлестіктер жанынан 105, кәсіпорындарда 33 аналар кеңесі құрылды және белсенді жұмыс істейді.

Кеңестердің құрамында көп балалы аналар, патронат аналар, мемлекеттік құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері, психологиялық-медициналық мекемелер, дағдарыс орталықтарының мамандары, этномәдени бірлестіктердің, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның өкілдері, әйелдердің қоғамдық ұйымдарының белсенділері, медиаторлар, жастар бар.

Аналар кеңестері біздің ұлттық құндылықтарымыз жаңғыртылып, жас ұрпаққа берілетін өзіндік мектепке айналды. Жаһандану дәуірінде жастар сыртқы әлемге кірігуге ұмтылатындықтан басқа мәдениеттердің ерекшеліктерін жақсы түсінеді, бірақ өздерінің құндылықтарын онша жақсы біле бермейтіні жасырын жай емес. Сондықтан аналар кеңесінің мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының жас ұрпаққа біздің ұлттық құндылықтарымыздың, әдемі де тәрбиелік мәні зор дәстүрлеріміздің мәні түсіндірілетін жобаларына қуана қатысады. Соңғы жылдары үлкендер үшін де, жастар үшін де әсіресе «Қазақтану», «Төркіндеу» сияқты жобалар тартымды болды.

Мүшелікке кіргісі келгендердің саны артып келе жатыр. Жыл басында олардың қатарында шамамен 11 мың адам болды.

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат жөніндегі тұжырымдамасында отбасы адам капиталының сапасына әсер ететін маңызды әлеуметтік институт ретінде атап өтіледі. Отбасы – ұлттық мәдени кодтың, моральдық ұстанымдардың және отбасылық дәстүрлердің сақтаушысы. Құрамында аналар болатын барлық қоғамдық бірлестіктердің жұмысы ұқсас: ең басты мәселе – жас ұпақты, болашақта еліміздің тізгінін ұстар буынды тәрбиелеу мәселесі. Аналар үшін біздің жеңістерімізді, жетістіктерімізді, ең бастысы, біздің аса зор құндылығымыз – Тәуелсіздігімізді кімге табыстайтынымыз аса маңызды мәселе.

Адамның көптеген көзқарастары мен ұстанымдары отбасында тәрбиеленеді. Сондықтан Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің басты мақсаттарының бірі – отбасында толеранттылықты тәрбиелеу. Бұл – қазіргі уақыттың ең өзекті мәселелерінің бірі және көпэтносты мемлекетте өмір сүріп жатқанымызды ескеретін болсақ, үлкен маңызға ие мәселе. Біз бала кезден басқа мәдениеттерге, басқа тілдерге құрметпен қараушылықты, өркениетті елдің талаптарын орындау қажеттігін тәрбиелеуге тиіспіз. Бала бойына басқа ұлт өкілдеріне деген достық пейілдің, мәдениетті қарым-қатынастың негіздерін қалай отырып, біз толерантты тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеміз.

Ассамблея жанынан құрылған әр түрлі деңгейдегі аналар кеңесі жұмысының негізгі бағыты – елімізде жүргізіліп жатқан отбасылық-демографиялық саясатқа қолдау көрсете отырып, отбасы институтын сақтау мен нығайтуға ықпал ету, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға үлес қосу. Аналар кеңесі әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселелерін шешуге, ұлттық құндылықтарды, дәстүрлерді жаңғыртуға қатысады, әр түрлі іс-шаралар арқылы берекелі, тірлігі мықты әрі тату отбасыларды насихаттайды. Елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформаларды түсіндіру бойынша жұмыстар өз алдына бір төбе.

Аналар кеңесі әлеуметтік мекемелермен, оқу орындарымен, балалар мекемелерімен, бастамашыл орталықтармен тығыз және жемісті ынтымақтастық жасайды. Аналар кеңесінің әлеуметтік жобалар жәрмеңкесінде ұсынылған көптеген қоғамдық маңызды бастамалар мен жобалар осы серіктестіктің нәтижесі болып табылады.

ҚХА Аналар кеңесі жұмысының ерекше бағыты – қайырымдылық қызметі. Бұл, әсіресе, өткен жазда, Арыс трагедиясы күндері ерекше айқын көрінді. Жарылыстан кейін бір күн өткен соң ҚХА Аналар кеңесі «Арыс балаларына – Детям Арыси» республикалық акциясын жариялап, ол оқу жылы басталғанға дейін жалғасты.

Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және басқа облыстардың Аналар кеңестері Арыс балаларының демалысын ұйымдастыруға шешім қабылдады. Барлық өңірлердегі аналар балаларға көмек көрсетудің бастамашылары мен белсенділері болды: олар қаражат, керекті заттар жинап, бірнеше мәрте гуманитарлық көмек жіберді.

Аналар кеңесінің мүшелері өз ұйымдарының түпкі мақсаты қазақстандық қоғамда отбасылық құндылықтарды сақтау, дамыту және нығайту екенін жақсы біледі. Бұл – үлкен рухани-адамгершілік, мәдени және тәрбиелік мәні бар жұмыс.

Іс жүзінде барлық өңірлік кеңестер ерлі-зайыптылардың ажырасуының алдын алуға, отбасылық құндылықтарды сақтауға бағытталған жұмыстарды жүргізеді. Мұндай жұмыстың өте жақсы, нәтижелі мысалдары да баршылық. Алматы облысында «Ана медиатор» жобасы жүзеге асырылуда. Күзде өткен Республикалық аналар форумында олар осы жобаның нәтижесінде 2 жыл ішінде 1000-нан астам бала тәрбиеленіп жатқан 500-ге жуық отбасы сақталғанын мақтанышпен мәлімдеді.

Ал 2018-2019 жылдары «Ақ отауға ақ бата» жобасы аясында ұлттық дәстүрлерге сәйкес үйлену тойлары өткізілді. Бас құраған 50-ден астам отбасы аналардың тікелей қамқорлығына алынды. Енді аналар алғашқы жылдары осы отбасыларды рухани сүйемелдеп, кеңес беріп, ақыл айтып, дағдарыстық жағдайларда қолдау көрсетеді. Мұндай жұмыс өңірдегі ажырасудың азаюына ықпал етері анық. Қазір бұл тәжірибе облыс бойынша таратылауда.

Өткен форумда аналар тағы бір маңызды мәселеге ерекше тоқталды: олар өз жұмыстарында ұлдарға тиісті тәрбие беру ісін күшейту керектігіне назар аударды. Шындығында да біздің бәріміз жабылып, қыздарды тәрбиелеуге кіріскеніміз құпия емес, ал болашақ ер адамды тәрбиелеу назардан тыс қалып келді. Содан кейін: бізде ажырасудың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың деңгейі қалай көбейіп кеткен? – деп таң қаламыз.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың «батырлары» қайдан шығады? Неге жыл сайын ажырасу саны артып келеді? Жас жігіттер арасындағы масылдық көрсеткішінің өсу себебі қандай? Мұның бәрі жас ұрпақпен жұмыс істеуде жіберілген кемшіліктердің салдары. Форум қатысушылары Аналар кеңестерінің тек қыздарға ғана емес, сонымен қатар болашақ әкелер мен отбасы басшыларына да көңіл бөлулері керектігін атап өтті. Ұлдарды тәрбиелеу ісі жақсы әкелердің өнегелерін насихаттаумен ұштастырыла жүргізілуі керек.

Елде төтенше жағдайдың енгізілуі – бұл бұрын-соңды болмаған жағдай, бүкіл халық үшін үлкен сынақ болды. Алғашқыда адамдардың сасқалақтап, абыржып қалғаны рас. Дәріханаларда маскалар жоқ деп, ашу шақырғандар да болды. Міне, осы кезде біздің белсенділеріміз, аналар кеңесінің мүшелері жергілікті теле, радио арналар арқылы сөйлеп, әлеуметтік желілерде посттар жазып, сабырға шақырды.
Алматы облысы Алакөл ауданының Аналар кеңесінің мүшелері округтік аналар кеңестеріне үндеу жариялап, маскаларды өздеріміз тігейік деген бастама көтерді. Бірден жедел топтар құрылып, маскалар тігіле бастады. Олар өз өнімдерін ауыл тұрғындарына тегін таратты. Алакөл аудандық Аналар кеңесінің бастамасы бүкіл облысқа тарады.

Осыған ұқсас ақпараттар барлық өңірлердегі көптеген басқа да аналар кеңестерінен келіп түсті. Ақтөбе облыстық Аналар кеңесінің мүшелері «Бірлік» еріктілер тобымен бірге халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсете бастады: азық-түлік, дәрі-дәрмек, 200-ге жуық маскалар ардагерлерге, тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға таратылды. Облыстық «Қоғамдық келісім» КММ арнайы автобус беріп, бұл неғұрлым көп адамды қамтуға септігін тигізді. Облыстық Аналар кеңесі жанындағы «Құрақ көрпе», «Аялы алақан» сияқты әйелдер клубтарының мүшелері де игі істерден тыс қалған жоқ.

Шалқар аудандық аналар кеңесі «Біз біргеміз!» акциясы аясында 300 маска тігіп, таратты, тұрмысы нашар отбасыларға құны 100 мың теңгелік азық-түлік жеткізілді.

Сондай-ақ, Жамбыл облысының аналар кеңесі үйде отырып, 500 дана маска тігіп, оны еріктілер арқылы тегін таратуды ұйымдастырды. Тұрғындардың тиісті санатына ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» қозғалысына қатысушылардың көмегімен азық-түлік жиынтығы мен дезинфекция жасайтын сұйықтықтар жеткізілді. Мұқтаж адамдар хабарласуы үшін «Қоғамдық келісім» КММ жанынан жедел байланыс телефоны орнатылды.

Солтүстік Қазақстан облысында этномәдени орталықтар мен Аналар кеңесінің мүшелері Петропавл қаласы ауруханасының медицина қызметкерлері үшін обаға қарсы киімдерді сатып алғанын хабарлады. Облыс көлемінде Аналар кеңесінің мүшелері көп балалы отбасылар мен жағдайы төмен азаматтарды қолдау мақсатында «әлеуметтік маскалар» тігуге кірісіпті.

Павлодар облысы Ақсу қаласы Аналар кеңесінің төрағасы Рымкеш Сламбекова бір өзі 100 дана маска тіккен. Бұдан кейін аналар кеңесінің мүшелері Достық үйінің базасында көп рет киюге болатын маскалар тігуге кірісті.

Түркістан облысы Аналар кеңесінің мүшелері кезекпен ыстық тамақ дайындап, блокпосттарда күнделікті вахтада жүрген әскери, полицейлерді тамақтандырды. Мұндай мысалдар өте көп.

Коронавирустық инфекцияның таралуы жағдайында Аналар кеңесі азаматтық татулық пен келісімді нығайту, тұрмысы төмен жандарды қолдау, халықты карантиндік іс-шараларды қамтамасыз етуге және төтенше жағдай режимінің талаптарын орындауға жұмылдыру жөніндегі жұмысты жалғастырды.

Карантинге байланысты аналар кеңесінің жоспарланған барлық іс-шаралары онлайн-форматқа көшті.

Ең маңыздыларының бірі – аналардың #бізбіргеміз, #бізүйдеміз акцияларына атсалысуы. Этномәдени бірлестіктердегі әйелдер #үйдетамақістейміз телевизиялық сабақтарын жүргізді.

Қостанай облыстық Аналар кеңесінің бастамасымен кейіннен барлық Аналар кеңестері қолдап, #Абай175қха хэштегі бойынша бейне-челлендж басталды.

Аналар кеңесінің көптеген мүшелері өнердің әртүрлі түрлерін зерттеу бойынша бейне сабақтар өткізеді. Мысалы, Ақтөбе аналар кеңесінің мүшесі Лаура Бердібекова құрақ көрпе тігуді үйрету бойынша онлайн сабақтар өткізеді. Қарасай аудандық Аналар кеңесінің өкілі Ақылия Бекбаева «Абай – психолог» тақырыбында семинар өткізді, Жамбыл ауданынан Күміс Кемелбекова қыз жасауын дайындау бойынша тігіншілер арасында онлайн-конкурс, Мария Ордабайқызы Талғар ауданының кәсіпкерлері әйелдермен онлайн-кездесу өткізді.

Ұлттық домбыра күні әжелер бейне қоңыраумен жас аналарды ұлды немесе қызды болуымен құттықтап, жаңа туған нәрестелерге домбырада сүйемелдеумен ән жолдап, баталарын берді.

Павлодар облыстық Ассамблеясының Аналар кеңесі «Үкілі домбыра» челленджінің бастамашылары болды, оған Ертіс өңірінің ауыл, аудан, қалаларының аналар кеңесінің мүшелері түгелдей қатысты. Челендж эстафетасы Солтүстік Қазақстан облысының Аналар кеңесіне, ал олар өз кезегінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің барлық мүшелерінің жалғастыруын ұсынды.

Аналар кеңесі Абай күнін өткізуге белсенді қатысты: екі облыста аналар кеңесі онлайн конференцияны өткізуге бастамашы болды; бірнеше өңірлерде аналар кеңесінің төрағалары мен мүшелері ұйымдастырылған конференцияларда, дөңгелек үстелдерде сөз сөйледі. Алматы облысы ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Несіпжамал Қасымбекқызы Баймадиева «Абай: тарих және қазіргі заман» атты халықаралық онлайн конференция спикерлерінің бірі болды.

Аналар кеңестері «Отбасымызбен Абайды оқимыз», «Абайдың қара сөздері», «Абайдың өлеңдері бізді тәрбиелейді» тақырыптары бойынша челендждер өткізді… Бұл челендждерде Аналар кеңестерінің төрайымдары мен мүшелері: Қалиева Жұмабике, Бернеева Зульфия, Воронцова Алевтина, Ақжан Алтыбаева, Миражапова Мухаббат, Жанар Кенжеғалиева және облыстық ҚММ-нің көптеген қызметкерлері белсене атсалысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі №149 Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы және оның қоғамдық құрылымдарының мәртебесі мен өкілеттіктері бекітілген Ассамблея туралы ереже бекітілді.

2013 жылғы 24 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты XX сессиясында Нұрсұлтан Назарбаев халықтың барлық жіктерінің қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту ісіне қатысуын күшейту міндетін қойды. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне жыл соңына дейін барлық өңірлерде Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен қоғамдық келісім кеңестерін қалыптастыру тапсырылды.

Елде қоғамдық келісім кеңестерімен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Аналар кеңестері құрыла бастады.
Аналар кеңесінің I республикалық форумы 2014 жылғы 13-14 қарашада Астанада өтті

Форумның негізгі тақырыбы көп ұлтты мемлекетте өмір сүріп жатқанымызды, ал көптеген көзқарастар мен идеялар отбасы ортасында тәрбиеленетінін ескере отырып, отбасындағы толеранттылық мәселесі болды.

Форумға қатысушылар – еліміздің барлық аналар кеңесінің өкілдері осы мәселелер туралы жақсы біледі, олар аналар мен жас қыздармен рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеудегі отбасының рөлі туралы, қазақстандық патриотизм мен этносаралық толеранттылықты тәрбиелеудегі ананың рөлі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Іс-шараға мемлекеттік құрылымдар, ҮЕҰ өкілдері, көп балалы аналар қатысты. Кездесу аясында кәсіби жаттықтырушылар мен сарапшылар тренингтер өткізді.

Форум өткізу кезінде республикада облыстық, аудандық және ауылдық деңгейде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы 210 аналар кеңесі жұмыс істеді. Олардың өкілдері отбасындағы үйлесімді қарым-қатынас, бала тәрбиелеу, әйелдердің денсаулық жағдайы мен құқықтарын қорғау мәселелерімен байланысты мәселелерді шешуге қатысады.

ҚХА Аналар кеңесінің II Республикалық кеңесі 2015 жылғы 26 қазанда Астана қаласында өтті.

ТҮРКІСТАН: ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАДЫ

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, ҚХА өңірлік аналар кеңестерінің, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және БАҚ өкілдері қатысты. Жыл ішінде республика бойынша Аналар кеңесінің саны 823-ге дейін өсті.

Отырыстың мақсаты – қазақстандық бірегейлік пен жалпыұлттық бірлікті нығайту мен дамытудың іргетасы ретінде отбасылық құндылықтарды сақтау және нығайту. Кеңес отырысы барысында «Қазақстандық бірегейлікті қалыптастырудағы ҚХА Аналар кеңестерінің рөлі» мәселесі қаралып, «Жақсы отбасы – табысты адам»: «Өзара қарым-қатынас ғылымы», «Ұрпақтар дағдарысы: үлкендер, қатарластар, жас буын арасындағы қарым-қатынас», «Әйел денсаулығы – ұлт денсаулығы» шеберлік сабақтары болды.

Форум аясында «Мейірімділіктен – бірлікке» әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

2016 жылғы 28-29 тамызда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ІІІ республикалық кеңесі Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхананың Конституция залында өтті.

Отырыста Қазақстандық бірегейлік пен қоғамдық келісімді нығайтудағы аналар кеңесінің рөлі талқыланды.

Аналар кеңесінің филиалдары ауылдық, аудандық және қалалық деңгейде белсенді жұмыс істейді. Кеңестің басты міндеті – отбасы және ана болу институттарын нығайту. Ол үшін қатысушылар медиаторлар қызметін атқарады, жас жұптармен кездеседі. Егер материалдық көмек көрсету қажет болса, Кеңес оған да көмектеседі.

Форумда маңызды қоғамдық мәселелер көтерілді. Жиын қорытындысы бойынша көптеген қазақстандық отбасыларға болашақта қиындықтарды жеңуге мүмкіндік беретін ұсынымдар әзірленді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының IV Республикалық аналар кеңесі 2017 жылғы 6 қазанда Шымкент қаласындағы Халықтар достығының қазақстандық инженерлік-педагогикалық университетінің ғимаратында өтті.

Күн тәртібінде: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылу барысы. Форум жұмысына ҚХА төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Д.Қ. Мыңбай және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Қ. Түймебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚХА медиация кеңесінің төрағасы Б.Ж. Әбдірайым, мемлекеттік органдардың, судьялар, адвокаттар, нотариустар қоғамдық ұйымдарының өкілдері, ғалымдар, ЖОО оқытушылары, ҚХА өңірлік орталықтары мен медиация кабинеттерінің басшылары қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, «Шығармашыл әйелдер лигасы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Ә.Ү. Хайруллина, Бас прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі С.П. Тұрсынбекова және тележүргізуші Л. Сұлтанқызы өз баяндамаларында отбасы-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді механизмін қалыптастыру және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын оңалту мәселелерін көтерді.

Форум қатысушылары «Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасалмайтын Қазақстан» жобасын іске асыру шеңберінде медиация институтын пайдалануға байланысты мәселелерді, сондай-ақ қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі қоғамдық медиаторлардың рөлін, өңірлердегі медиация кабинеттері қызметінің өзекті мәселелерін талқылады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы республикалық Аналар кеңесінің V кеңейтілген отырысы 2018 жылғы 29-30 қазанда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыстары мен өмір сапасының арттыру» атты Жолдауын іске асыру шеңберінде Талдықорған қаласында өтті.

Жалпы мәдени код, бірыңғай құндылықтар және этникалық қатыстылығына қарамастан барлық қазақстандықтардың жалпыұлттық тарихи санасы негізінде халық бірлігін нығайту мәселелері, Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің «Қазақтану» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі міндеттері талқыланды.

Форумның екінші күнінде Алматы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің қызметі қаралып, секциялық отырыстар мен тренингтер өткізілді.

Форум аясында «Қазақтану» жобасы бойынша Алматы облысының тумасы, жазушы, ақын Сәуле Досжанованың жерлестерімен шығармашылық кездесуі өтті.

Жастар әрқашан табысты адамдардан үлгі алады. Сондықтан аналар форумы аясында жыл сайын ежелгі дәстүрді қайта жаңғырту мақсатында «Төркіндеу» өткізу, ал жас қыздардың назарын отбасын құрған, балаларды тәрбиелеу мен тұлғалық өсуді табысты ұштастырған аға буын – жерлестердің өкілдеріне аудару туралы шешім қабылданды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің VI кеңейтілген отырысы 2019 жылы 29-30 қазанда Қостанай қаласында «Президент Қ. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында белгіленген міндеттерді және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы аналар кеңестерінің рөлі» деген тақырыпты өтті.

Форумда 230-дан астам адам – елдің барлық өңірлеріндегі аналар кеңестерінің делегациялары, Ақпарат және қоғамдық даму, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым, Ішкі істер министрліктерінің, «Атамекен» ҰКП өкілдері және т.б. қатысты.

Форум барысында әлеуметтік саланы дамыту бойынша кең ауқымды талқылау және тәжірибе алмасу болды. Бейінді министрліктердің мамандары отбасы институтын дамыту; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек; балалар мен әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар; тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға арналған кепілдік берілген әлеуметтік көмек пакеті; ауылдық жерлерде тұратын дарынды балаларды анықтау мәселелері бойынша егжей-тегжейлі консультациялар берді.

Бизнесті, отбасылық бизнесті, оның ішінде көп балалы отбасыларды құруды қоса алғанда, әлеуметтік аспектілерге баса назар аудара отырып, әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың жаңа нысандарын енгізу мәселелері қаралды. Қазақстан мен көршілес мемлекеттердің әлеуметтік кепілдіктеріне толық салыстырмалы талдау жасалды. Этностардың мемлекеттік тілді ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде меңгеру мәселесі бөлек қаралды.

Отырысқа қатысушылар дағдарыс орталығында және өмірлік қиын жағдайларға тап болған адамдарды бейімдеу орталығында 2 қайырымдылық акциясын өткізді, ЖОО студенттерімен кездесулер өтіп, қала кітапханаларына кітаптар сыйға тартылды.

«Қостанай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің жұмысы мен міндеттері туралы» тақырыбына дөңгелек үстел және «Қазақтану жобасы аясында Қостанай облысының тумасы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, ақын, журналист, филология ғылымдарының кандидаты, қазақша-орысша және орысша-қазақша тұңғыш ілеспе аудармашы Камал Әлпейісованың «Төркіндеу» атты шығармашылық кеші өтті.

ПІКІР ЖАЗУ