Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан: ветеринарлардың жалақысы 50 пайызға өсті

Отырар ауданында «Ветеринария саласын жетілдіру – азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі» атты өңірлік семинар-кеңес өтті. Жиынға Жамбыл, Қызылорда облыстарынан және Шымкент қаласынан сала басшылары мен мамандар қатысты.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы іс-шараны ашып берсе, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Алтынбек Үркінбаев ветеринария саласына қатысты заңдағы өзгерістер мен қабылданатын жаңа реформалар жайында баяндама жасады. Сондай-ақ, Түркістан облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ғани Құрманбай басқарманың атқарған жұмыстарына тоқталды.

– Мемлекет басшысының Жолдауы аясында ветеринария саласын жетілдіру үшін республикамызда алғашқы рет пилоттық жоба ретінде Түркістан облысында орталықтандырылған «Ветеринариялық қызмет» мекемесін құру бойынша облыс әкімінің қаулысы қабылданды. Бұл аудан-қалалардағы 17 «Ветеринариялық қызмет» орталықтарын оңтайлы басқару мен бақылау жұмыстарын жетілдіруге мүмкіндік береді. Биыл ветеринарлардың жылдық жалақы қоры мен іс-шараларды атқаруға қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға бюджеттен 4 млрд. 389,2 млн теңге бөлінсе, Мемлекет басшысының ветеринария саласын жетілдіру, мамандардың еңбекақысын ұлғайту тапсырмасына сәйкес, республикалық бюджеттен қосымша 1 млрд 514,3 млн теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде, ветеринарлардың жалақысы 35-50%-ға көтерілді, — деді Ермек Кенжеханұлы.

Одан бөлек, шара барысында ветеринария қызметкерлерінің жеке бірегей киім үлгісі таныстырылды. Оның ерекшелігі — енді азаматтар ветеринардың киімінің кеуде тұсындағы QR код арқылы маманның жұмысына баға бере алады. Жиын соңында сала қызметкерлері «Ветеринарлар аллеясына» тал отырғызды.

Сәйкес жаңалықтар

Берешектерді өндіру және салық түсімдерін ұлғайту мәселесі талқыланды

admin

Мемлекет басшысы Қаржы министрі Мәди Такиевті қабылдады

admin

Сұңқар тектес құстарды заңсыз аулаған азаматтар 700 АЕК көлемінде айыппұл төлейді

admin