Түркістан: «Ұстазыма мың алғыс» атты мұғалімдерді құттықтау челленджі ұйымдастырылды

Түркістан облысы Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты А. Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектепте Ұстаздар мерекесіне орай «Ұстазыма мың алғыс» атты мұғалімдерді құттықтау челленджі ұйымдастырылды.

Құрметті ұстаздар сіздерді шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Ұзақ өмір, қажымас қайрат, таусылмас бақыт, ұзақ өмір, зор денсаулық, талмас қанат тілейміз!!!

Ұстаздың әр адамның жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үйреткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем болар.

Мақсаты: Қоғамдағы мұғалімнің кәсіби мәртебесі мен имиджін көтеруге ықпал ету, ұстаз еңбегінде құрмет көрсету негізінде жас ұрпақ санасында халық бірлігі, ынтымақтастығы идеяларын нығайту, оқушылардың шығармашылық белсенділігі мен эмпатиясын дамыту. Отанына қазақ тілінде деген сүйіспеншілігін арттыру руханият пен жауапкершілік сезімін тәрбиелеу және дамытуға ықпал ету.

ПІКІР ЖАЗУ