Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Батыс Қазақстанда 159-шы еріктілер пункті іске қосылды

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының Бисен ауылында ТЖМ-нің «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында 159-шы ерікті өрт сөндіру пункті ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Салтанатты ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Марат Мұратов, аудан әкімі Нұрлыбек Даумов және ауыл тұрғындары қатысты.

Жаңа өрт сөндіру пункті жергілікті бюджет есебінен құрылып, тәулік бойы қызмет көрсетуге қажетті барлық жабдықтармен жарақталған. Төтенше жағдайлар департаменті пунктті өрт техникасымен, нысанды  киім-кешекпен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етті.

Сонымен қатар еріктілерді жиі оқыту жоспарлануда, бұл қызметтің кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Пункт шамамен 4 мың адам тұратын Бисен және Үштерек атты екі елді мекеннің өртке қарсы қорғалуын қамтамасыз етеді. Жаңа нысанның ашылуы өңір тұрғындарының қауіпсіздігін нығайту және ықтимал төтенше жағдайларға жедел әрекет ету деңгейін арттыруға маңызды қадам болды.

Сәйкес жаңалықтар

Полиция «ANTI-FRAUD» жедел іс-шарасын өткізуде

admin

Астанадағы 12 тұрғын алап жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген

admin

Жыл басынан бері Түлкібас ауданына 6800 турист келген

admin