Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Шымкентте 40 жастағы ер адамды ұрып өлтірген күдікті ұсталды

Оқиға Тельман шағынауданында болған. Полиция күдіктінің табылып, қамауға алынғанын хабарлады.

25 тамыз күні кешкі уақытта 102 арнасына жергілікті тұрғынның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы жеткен. 40 жастағы ер адамның мәйітін қарау кезінде әртүрлі дене жарақаттары анықталған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі “Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бойынша тіркелді.

«Күдікті ұсталды. Ол марқұмның 47 жастағы танысы болып шықты. Белгілі болғандай, ер адамдар арасында төбелес шығып, күдікті қарсыласын нокаутқа түсіріп, кетіп қалған. Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде» делінген полиция мәліметінде.

Еске салсақ, біз бұған дейін Шымкентте ер адам төбелестен кейін көз жұмғаны туралы жазған болатынбыз. «Шұғыл шақырылым» бағдарламасы тілшісінің мәліметінше, екі ер адамның арасындағы төбелес соңы оның бірінің өліміне әкеп соққан.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстандық теннисші Аделаидадағы ATP 250 турнирінің іріктеу финалына шықты

admin

Сауран: “Ата-баба дәстүрі — тәрбиенің бастауы” атты байқау өтті

admin

Түркістан: Жетісай ауданында мектептердің жылыту маусымына дайындықтары тексерілді

admin