Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан: Төлебиде минералды су өндіретін зауыт ашылады

Төлеби ауданында таза минералды су өндіретін зауыт салу жоспарлануда. Осы мақсатта  аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Лесбек Серікбаев Қытай Халық Республикасынан келген инвесторлармен кездесті. Кездесу барысында тараптар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және бөтелкедегі ауызсу өндіру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Шетелдік инвесторлар Түркістан облысының инвестициялық әлеуетімен танысқанын айтып, таза минералды су өндіретін зауыт салуға қызығушылық білдірді.

Жоспарланған жоба аясында су сапасын бақылауға арналған зертхана іске қосылып, 200 мың АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынады. Сонымен қатар 100 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделуде.

Лесбек Әуезханұлы шетелдік инвесторларға заң аясында қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Сәйкес жаңалықтар

БИЫЛ АШЫЛҒАН МЕКТЕПТЕР ЦИКЛІ: «ЖАС ДАРЫН-2»

admin

Сарыағашта мас халде көлік жүргізген тұрғын қамауға алынды

admin

Түлкібас: аудан аумағында жаппай сенбілік өтуде

admin