Түркістан полицейлері 21 000-нан астам құқық бұзушылықты анықтады

Мемлекет басшысының бастамасымен өткізіліп жатқан “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы барысында, Түркістан облысының полицейлері жыл басынан бері 21 382 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Оның ішінде 13 220-сы жалпы пайдалану орындарының ластануы, 5382-сі абаттандыру ережелерін бұзу болса, 3570-і – жол жамылғысының ластану фактілері. Құқық бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қабылданып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірден бастап елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы басталды..”Таза Қазақстан” акциясының негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аудару, азаматтардың табиғатқа ұқыпты қарауын қалыптастыру, сондай-ақ “Заң және тәртіп” қағидатын сақтау. Бұл іс-шара алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ