Түркістан спортшылары жүзуден Азия чемпионатында 7 алтын медаль олжалады
Фишиппин елінің Нью-Кларк қаласында жүзу спорт түрлерінен Азия чемпионаты өтті. Жарыстың соңғы күнінде ел намысын қорғаған түркістандық ару София Сподаренко 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден Азияның жаңа рекордымен тағы бір алтынды жеңіп алды.
Нәтижесінде Қазақстан құрамасының жүзушілері түрлі бағдарламалар бойынша 20 алтын, 11 күміс және 5 қола медальға қол жеткізді.
Оның ішінде Түркістан облысының спортшыларының еншісінде 7 алтын, 2 күміс медаль бар.
Айта кетейік, түркістандық талантты қос бұрымды Аделаида Пчелинцева мен София Сподаренко сары құрлық елдері арасында өткен чемпионаттың бірнеше бағдарламасында Азия рекордын жаңартып, жоғары нәтиже тіркеді. Аделаида 3 алтын мен 1 күміс еншілесе, София 4 алтын, 1 күміс жеңіп алды.
Ғаламат жетістікке жеткен қос аруды да Түркістан облысының су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бапкерлері даярлаған.