Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан: Сауранда «бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» шарасы өтті

Түркістан облысы, Сауран ауданында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты шара өтті. Шараға аудандық мүмкіндігі шексіз азаматтар, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Құттықтау сөзінде аудан әкімінің орынбасары С.Садибаев әкімдік тарапынан беріліп жатқан қолдау жөнінде айта келіп, арнайы аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Ал аудандық мәслихат депутаты Х.Шарапов өз сөзінде өнерлі жастарға әрқашан қолдау білдіретіндігін айтты. «Шапағат» мүмкіндігі шексіз азаматтар қауымдастығының төрағасы Е.Керімбайұлы өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндады. Өмір сүру үшін мүмкіндігі шексіздік кедергі еместігін, адам өзі алдына мақсат қойса, соған жету үшін талпыну қажеттігін, ешқандай дүние кедергі еместігін айтты.

Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мүмкіндігі шексіз азаматтардың өнерін тамашалап, әсерлі монологтар оқылды. Қатысушы азаматтар ұйымдастырушыларға алғыс айтып тарқасты. Мүмкіндігі шексіз азаматтарға әрқашан елдің қолдауы болары анық.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан қаласында жолаушы тасымалдаушы көліктердің 50-ге тарта құқық бұзушылығы анықталды

admin

Халықтық штаб өз жұмысын атқаруда

admin

Депозиттерге кепілдік беру қоры активтерінің бір бөлігін жеке компанияларға бермек

admin