Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Сарыағаш : аудан әкімі Арман Абдуллаев мектеп құрылысының барысымен танысты

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округіне арнайы іс сапармен барып, Нұрлы жол елді мекенінде салынып жатқан мектептің құрылысымен танысты.

Бүгінгі таңда, мектептің құрылыс жұмыстарын «Ar Kua Group» ЖШС-і жүргізуде. Жаңа білім ғимаратының жалпы аумағы 1,6 га аумақты құрайды. Қазірде, нысанның іргетасы қаланып, ішкі әрлеу және жылыту жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме өкілі жасалып жатқан құрылыс жұмыстарының жай-күйін баяндады.

Құрылыс қарқынына куә болған аудан басшысы Арман Абдуллаев мердігер мекеме өкіліне адам санын көбейтіп , жұмыстарды мерзімінде әрі сапалы орындауды жүктеді. Сондай-ақ, жіті бақылауында болатынын және 3 аптадан соң қайта келіп, тексеретінін атап өтті.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

The Top 10 Best Computer Speakers in the Market

admin_bainews

Таразда 24 автобус пайдалануға берілді

admin

ШЫМКЕНТ: Денсаулық сақтау саласында инвестиция жалпы сомасы — 9,5 млрд теңге

admin