Түркістан полицейлері кезекшілік атқарады
Түркістан полицейлері мектеп маңында, жолдар мен салтанатты линейка кезінде кезекшілік атқарады
Бүгінгі таңда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірқатар іс-шаралар қабылдануда.
Түркістан қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері 1 қыркүйек “Алғашқы қоңырау” іс-шарасы кезінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қаматамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарында полиция қызметкерлері қызмет атқаруда.
Сонымен қатар саябақтар, ойын-сауық орындары және жастар көп шоғырланатын орындардың маңына полиция кешенді күштерінің бағыттары жақындатылды.
Түркістан қаласының тәртіп сақшылары тұрғындарды жол ережелерін сақтауға, жол жүру бөлігін белгіленбеген жерлерден өтпеуге шақырады.